“Жастар Рухы”

КЕНТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ МЕН ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ.
📌Бүгін, Кентау көпсалалы колледжінде “Жастар рухы” Жастар қанаты жұмысын таныстыруға бағытталған кездесуге “AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансерік, “Жастар Рухы” жастар қанаты Кентау қалалық филиалының жетекшісі Мыңбай Бақыт және колледждің жастар ісі жөніндегі инспекторы Асылай Бердіханқызы мен жастар комитетінің белсенді жастар қатысты.
📌Кездесу барысында “Жастар Рухы” жастар қанаты Түркістан облыстық филиалы мен Кентау көпсалалы колледжі арасында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Колледж қабырғасындағы жастар қанатының бөлімше жетекшісі болып Шәріпбекова Інжу тағайындалды. Колледж дамуы мен жастардың белсенділігін арттыру бағытында сапалы іс-шаралар мен сәтті бастамалар күтеміз. Жаңа атқарылар қоғамдық қызмет, абыройлы, сәтті болуына тілектеспіз!
https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1661698527567957&id=100011834766490&mibextid=xfxF2i
#Оқуағартуминистрлігі